about us icon Баспасөз орталығы
icon printer Басып шығару

Жаңалықтар

news image

Шымкентте ковидке қарсы 36 екпе егу пунктері қызмет көрсетуде

Шымкент қаласында ковидке қарсы екпе егу пунктерінің қатары артты…

5, апреля 2021

Шымкент қаласында ковидке қарсы екпе егу пунктерінің қатары артты. Бұған дейін 26 бастапқы медициналық-санитарлық  көмек көрсету ұйымдарында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазіргі таңда екпе егу пунктерінің саны 36-ға көбейді.

Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен. Бүгінге дейін қалада 8395 адамға ковидке қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың 4907-і медицина қызметкері, 564-і полицейлер және 2668-і мұғалімдер болса, қалғандары басқа да санаттағы азаматтар.

Айта кетейік, вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізілуде. Екпе салардан алдын азамат міндетті түрде сауалнамаға жауап беріп, ерікті түрде вакцина алатыны туралы келісім береді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байланыстар

ГККП «Городской центр крови» УЗ г.Шымкент

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, Нурсат микрорайон, 442

ock_uko@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 95-57-50
Медициналық мекеменің байланыс орталығы
phone icon 95-57-53
Донорларды қолдау қызметі